Принтерге шығару
kti_1
Бүгін, 2016 жылғы 31 тамызда Қырғызстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өтуде. 1991 жылы Қырғызстан Республикасы тәуелсіз, егеменді, демократиялық мемлекет ретінде жарияланды. Өз тәуелсіздігін заңды түрде бекітіп, Қырғызстан халықаралық қауым қабылдаған халықаралық құқық, достық және ұлттар арасындағы ынтымақтастық қағидаттарын ұстанатындарын білдірді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Қазақстан бауырлас Қырғызстанмен тең әрі сенімді қарым-қатынастарына ерекше мән беріп отыр. Бұған саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы кеңейіп жатқан екіжақты байланыстар дәлел.»
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтында 2012 жылдан бастап, Қазақстан-Қырғызстандық Үкіметаралық келісім негізінде ақысыз түрде Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жанындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет агенттігі қызметкерлерінің оқытылуы қолға алынған.
Осылайша, бүгінгі таңда Институт қабырғасында Қырғызстанның 15 азаматы оқытылуда. Оларға арнап атаулы мереке қарсаңында салтанатты жиналыс өткізіліп, құттықтаулар айтылып, тақырыптық баяндамалар оқылып, көтермелеу ретінде күндізгі босатулар берілді.
Көкшетау техникалық институтының ұжымы достық Қырғызстаннан келген курсанттарды шын жүректен ұлттық мерекеклерімен құттықтап, бейбітшілік, жақсылық пен оқуда табыс тілейді.
kti_1 kti_1 kti_1
ҚР ІІМ ТЖК КТИ баспасөз қызметі