Принтерге шығару

kti_deti6

Балаларды қорғау күні бүкіл әлемде кең түрде тойланады. Оның басты мақсаты – қоғамға балалардың құқықтарын қорғау қажеттілігін есіне қайта түсіру. Көптеген елдерде аталып өтілетін осы басты балалар мейрамын тек балалардың өздері ғана емес, ата-аналар да жақсы көреді. 2016 жылғы 1 маусым күні жұмыс күніне түскеніне қарамастан Көкшетау техникалық институтында Балаларды қорғау күніне арналған бірнеше шара өткізілді.
1949 жылы Халықаралық балаларды қорғау күні Әйелдердің халықаралық конгресінде бекітілген болса, Институттың әйелдер кеңесі де дәстүрді жалғастырып, Балалық шақ мерекесінің бастауын өз қолдарына алған болатын.  Әрі оның әрбір мектеп оқушысы асыға күтетін кез – жазғы демалыс мезімімен тұспа-тұс келетіні маңызды. Институттың осы қуанышты мерекесі балаларға арналған ескі әндердің сүйемелдеуімен, жарқын әуе шарларының безендірілуімен және балаларға арналған қызықты бағдарламамен толықтырылған болатын.

kti_deti6

Алдымен балалардың шығармашылығын және көркем қиялдарын дамыту мақсатында «Менің елім - Қазақстан» атты суреттер байқауы өткізілді. Түрлі-түсті борлармен қаруланған балалар асфальт үстінде туған еліне, Отанына деген ыстық сезімін білдіре алды. Сайыстың әділ қазысы әуелі суреттің мазмұнын, тақырыптағы ұстанымдылықты, түстердегі артықшылықтарды талқыға салды. kti_deti6
Сайыс нәтижесінде бірінші жас тобында: Хасанова Аружан мен Суши Адина жеңсе, Екінші топта – Балқыбекова Мерей. Үшінші топта- Мубарак Айғаным жоғары нәтижелерге ие болды. Сайыстың барлық қатысушыларына және ең кішкентай қонақтарға мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар таратылды.
«Мафаня» атты сайқымазақ келгенде балалардың жүздері нұрға толып, қуанышты күлкілері есіліп тұрды. Аниматор түрлі ойындар, сайыстар мен күлкілі билер ұйымдастырды. Арнайы техниканы қолмен ұстап, арнайы киім киіп фотоға түскен балалар да уақыттарын қызықты өткізді.
Кейінірек балаларға арнап, мерекелік дастархан жайылып, түрлі тәтті дәмдер ұсынылды. Осылайша Институттың әйелдер кеңесі бүгінгі балалар ертең есейген кезде балалық шағын жылы лебізбен еске түсіре алулары үшін барын салды десек, артық айтпаймыз.
kti_deti6 kti_deti6 kti_deti6

КТИ баспасөз қызметі