kti9

Жылдық оқу жүктеме, өздік дайындықтар, спорттық секциялар, ғылыми-зерттеу жұмыстары тек қана уақытты алмай жалпы шаршағанды арттырып, ашушандыққа, жұмыс қабілетін төмендетіп және қойылған мәселелерді орындауда әскери дайындықты төмендетеді.
 2016 жылдың 29 мамыр күні оқу-сап бөлімшесі күндізгі оқу факультетінің 2 курсын «Алтын орман» демалыс аймағына шығарды. Аталмыш іс-шарада медициналық қызметкерлер, тәрбие бөлімінің қызметкерлері және оқу топтарының кураторлары қатысты.
8 км ұзақ қашықтықта жүгіргеннен кейін белсенді демалыс бағдарламасы командалық «Тeam-building» тренингтерден, психологиялық  релаксациялардан, спорттық ойындар мен командалық сайыстардан тұрды. Сондай-ақ курсанттар тәжірибе жүзінде ландшафтық кедергілерден тұратын автономдық өмір сүру әдістерін көрсете алды.
Курс басшылығының, кураторлар мен тәрбие бөлімнің жұмыстары курсанттардың оқудан тыс демалыс уақыттарын ұтымды пайдалану  мақсатында ұйымдастыруға бағытталған. Ұжымның моральдік-психологиялық климаты курсанттардың табысты және жемісті оқу іс-әрекетінің кепілі болып табылады.
ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының
баспасөз қызметі