Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар Комитетінің Көкшетау техникалық институтындағы жаңа дәстүрлердің біріне айналды.
Біз БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун іспетті Үкімет, халықаралық және қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер мен қарапайым азаматтардың барлығы ұлттың саулығы үшін күреске жұмыла қатысуы тиістігіне сенімдіміз.
Осыған орай біз күндізгі оқу факультетінің 1-3-курс курсанттарының қатысуымен «Здоровая пятиминутка» атты акция жүргізілді. Акцияның негізгі ұраны: «Дені сау ұлт – дені сау ел».
Белгіленген уақытта сағ.10.20-да мерзімде қатаң тәртіппен орналасқан 360-қа жуық курсант бір ретпен гимнастикалық жаттығулар кешенін үйлесіммен орындап шықты.
Дүниежүзілік денсаулық күнінде жүргізілген алдын алу акциясы жастардың  салауатты өмір салтын ұстануға қосымша уәждеме алуға және өз денсаулыққа деген жауапты және саналы көзқарасты қалыптастыруға көмектеседі.
Адам денсаулығы – адамдағы бар нәрсенің ең қадірлісі. Денсаулықпен еш бір нәрсені салыстыруға келмейді: байлықты, қоғамдағы дәрежені, абыройды. Табиғат сый еткен нағыз құндылық. Әрбіреуіміз өз денсаулығын жастайынан сақтауы тиіс, тек сау адам ғана мықты елді қалыптастырады.
ҚР ІІМ ТЖК КТИ
Өрт-құтқару және дене шынықтыру кафердасы