kti_vybory 2016 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының бастығы азаматтық қорғау полковнигі С.Д. Шәріпхановтың төралығымен оқытушы-профессорлық құраммен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауына арналған кеңес өткізілді.
Елбасы айтқандай: «Біздің халқымызға бұрынғыша бірігіп, осы күрделі уақытта кез келген ықтимал арандатуларға, қажет болса, заңнамалық тұрғыдан тойтарыс беру керек».
Оқу мекемесінің басшысы алдағы сайлаудың аса жоғары маңыздылығы мен оған барлық қызметкерлердің, отбасы мүшелерінің және курсанттардың қатысқанда заңнаманы және жоғары тәртіпті сақтауларына байланысты жауапкерлішікке баса назар аударды.
kti_vybory1

Бұдан әрі Институт бастығының тыл бойынша орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.С.Омаров сайлауға қатысу ережелеріне түсініктеме беріп, сайлау кезеңіндегі қызметтің нығайтылуы туралы Институт бастығының бұйрығын жиналғандарға жеткізді.

Кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Т.А.Балқыбеков Институттың тұрақты және ауыспалы жеке құрамының, сонымен қатар шет елдердегі ведомстволық оқу орындарына оқуға жолданған курсанттардың сайлауға қатысуға дайындығы туралы баяндады.

Кеңес аясында азаматтық қорғаныс полковнигі С.Д. Шәріпханов Институт ұжымы ел дамуының басқы бағыттарын қолдай отырып, түгелдей сайлауға қатысуға дайын деп қорытындылады.

КТИ баспасөз қызметі