Принтерге шығару
1sa ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу факультетінің курсанттары Н.Бостанбек және С.Әбішев Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және психологиялық  дайындық кафедрасының профессоры өртке қарсы қызмет подполковнигі Д.Қ Шаяхимовтың жетекшілігімен ағымдағы жылдың қараша айының 25-26 аралығында Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған студент жастардың 3-ші республикалық «Мен жастарға сенемін» атты патриоттық фестиваліне қатысып қайтты.

Бұл фестиваль бүгінгі таңда 3-ші рет өткізіліп отыр. Аталған фестивальге Қазақстан Республикасы бойынша 50 жоғарғы оқу орнынан 656 ғылыми жұмыс келіп түскен.

2sa

Фестиваль өз жұмысын төрт секцияға бөліп, төрт бағыттағы тақырыптар бойынша жұмыс жалғастырды. Атап айтатын болсақ: «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім», (әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар», «Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» тақырыбында студенттік эссе байқауы, (проза жаныры), «Мен жастарға сенемін!» (поэзия жаныры) тақырыбында студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығармалар, «Мәңгілік ел мұратым!» (авторлық туынды вокал).

Қараша айында Көкшетау техникалық институты ӘГПТ және ПД кафедрасының ұйымдастыруымен «Жас қаламгер» атты жас ақындар сайысы өткізіліп, соның нәтижесі бойынша 3-курс курсанттары Н. Бостанбектің проза жанырында жазған эссесі, З. Хамза мен 2- курс курсанты С. Әбішевтің өлеңі іріктеліп алынып, фестивальға жіберілген болатын.

Фестивальдің екінші іріктеу кезеңінен барлығы 195 студенттің ғылыми жұмысы өтті. Фестивальдың екінші іріктеу кезеңінен өткен жұмыстарға ӘГПТ және ПД кафедрасының, профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, өртке қарсы қызмет подполковнигі Д.Қ.Шаяхимовтың жетекшілігімен күндізгі оқу факультетінің  2-ші курс курсанты С.Әбішев «Мен жастарға сенемін!» атты тақырыпта 34 ақынның ішіндегі 10 үздіктің қатарына еніп, сертификатпен марапатталса, кафедра оқытушысы, әлеуметтік пәндер магистрі З.А.Әлбекованың жетекшілігімен 3-ші курс курсанты Н.Е.Бостанбек «Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе байқауында 75 қатысушының ішінен ең үздік деп танылып, 1-ші орын дипломымен және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де бір жыл тегін оқу гранты сертификатын иеленді. Фестиваль жеңімпазы ретінде жергілікті жалпы ақпараттандыру тілшілеріне сұхбат берді. Мұндай іс-шаралар жастарымыздың патриоттық сезімдерін оятып, ғылымға, білімге деген құштарлықтарын арттырары сөзсіз.

Көкшетау техникалық институтының басшылығы мен оқытушы-профессорлық құрамы талантты жастарға үнемі қолдау көрсетіп отырады. Бұл үлкен жеңіс, профессорлық-оқытушы құрамның  ерең еңбегінің жемісі.

Бұл фестиваль туралы толық ақпаратты Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ресми сайтынан толығырақ оқуға болады.

3sa 4sa

ӘГПТ және ПД кафедрасы