Принтерге шығару
kti Мемлекеттік тілді дамыту және жетілдіру біздің мемлекетіміздің басымды міндеттерінің бірі болып табылады, осыған орай Көкшетау техникалық институты қазақ тілін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына ерекше көңіл аударады. Кеңінен насихаттау және барлық жерде мемлекеттік тілді ендіру мақсатымен көрсетілген бағдарлама шеңберінде тұрақты негізде, қызметкерлер мен курсанттарды тартумен викториналар, семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Қатарынан бес жыл бойы міндетті түрде мемлекеттік тілді зерделеу бойынша бастауыш, жалғастырушы және тереңдетілген топтарда сабақтар жүргізіліп отырады. Аптасына екі рет Ақмола облысы Мемлекеттік тіл басқармасының оқытушылары сабақ өткізеді, оның қорытындысы бойынша емтиханды тапсырған қызметкерлер сәйкесінше сертификаттарды алады.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында, сондай-ақ Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б.Бисенқұловтың қатысуымен өткен жедел кеңестің хаттама шешімін орындауда 2015 жылғы қазанның 26-ы мен 28-і аралығында Ақмола облысы Мемлекеттік тіл басқармасы директорының орынбасары Қ.Қ.Қажиахметовпен және әдіскер А.Қ.Қарсабаевамен бірлесіп, «КАЗТЕСТ» бағдарламасы бойынша Институттың 105 қызметкерінің диагностикалық тестілеуі өткізілді. Жоғары деңгейдегі білімдерін А.А.Сейдахмет - 132 балл, С.Қ.Байжанова - 130 балл, Қ.Ә.Нарбаев - 127 балл алған офицерлер көрсетті.

Жалпы өткізілген тестілеу мемлекеттік тілді білу бойынша тестіден өткендердің 80% астам жоғары деңгейін көрсетті, өз кезегінде ол жақсы көрсеткіш болып табылады.

Көкшетау техникалық институты жеке құрамды мемлекеттік тілге үйрету үшін сәйкесінше жағдайларды жасауды жалғастырады, себебі бүгінгі күнге ол тәуелсіз мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып табылады.

kti1 kti2

Ж.Иманбаева

Мемлекеттік тіл және ақпарат

тобының аудармашысы