kti 2015 жылғы 21-23 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтында қабылдау комиссиясы сырттай оқу түріне түсуге үміткерлермен сұхбаттасу жүргізіп жатыр. Қабылдау комиссиясының төрағасы өртке қарсы қызмет полковнигі В.Р.Беккер – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.

Сұхбаттасу Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша, орташа білім беру бағдарламасының математика пәні бойынша, сонымен қатар кәсіби қызметі бойынша жүргізіледі.

Үстіміздегі жылда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің  аумақтық органдарынан сырттай оқу түріне түсуге үміткерлер саны 150-ден астам адамды құрайды.

Сырттай оқу, біліктілікті арттыру

және кадрларды қайта даярлау факультеті