Принтерге шығару
kti 2015 жылғы 17 маусымда «Беларусь Республикасы ТЖМ Қайта даярлау және біліктілікті арттыру институты» МБМ базасында «Төтенше жағдайлар аумақтарында апаттан құтқару жұмыстарын жүзеге асыру үшін техникалық құралдар, жабдықтар және аспаптар» атты халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Ғылыми форумның жұмысына Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының, Украина Азаматтық қорғау Харьков ұлттық университетінің,  Беларусь Республикасы ТЖМ Гомель инженерлік институтының профессорлық-оқытушы құрамы қатысты.

kti1 Конференция ашылуында Беларусь Республикасы ТЖМ Қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтының бастығы ішкі қызмет полковнигі Сигневич Вадим Владимирович құттықтау сөздерін айтты.
Бағдарламаның шеңберінде конференция тақырыбы бойынша 7 ғылыми баяндама тыңдалды.
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының өрттен құтқару және дене шынықтыру дайындығы кафедрасының доценті Н.А.Скляровтың  биікте құтқару үшін топтық құралдардың ішінде альпинистік арқанды қолданудың мәселелі аспектілері бойынша баяндамасы ғылыми іс-шараның ғылыми шара қатысушыларын өте қызықтырды.
kti2 Сонымен қатар Беларусь Республикасы ТЖМ Гомель инженерлік институты өрт апаттан құтқару кафедрасының аға оқытушысы В.Б.Боднаруктің  «Өрт сорғыштардың вакуум жүйелерінің құрылымдарын талдау» тақырыбындағы баяндамасы қатысушыларды өте қызықтырды.

Онлайн конференция соңында оның практикалық маңыздылығына көңіл аударылды және ұқсас ғылыми форумдарды өткізу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, апаттан құтқару жұмыстарда қолданатын аспаптар және жабдықтар даярлайтын зауыт-өңдеушілердің өндеушілірі мен өкілдерін конференцияларға шақыру туралы шешім қабылданды.

ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының

Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі