Принтерге шығару
kti 2015 жылғы 12 маусым күні Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтында кәсіби қызметтік дайындық шеңберінде Институт бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі С.Д.Шәріпхановтың басшылық етуімен тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Институт бастығының кіріс сөзінде аталып өткендей - болашақ мамандарды кәсіби даярлау процесінде тәрбие бағыты ерекше орын алып отыр. Оқу және тәрбие әрекеті - сапалы және жан-жақты дайындыққа қол жеткізе алмайтын екі негізгі бағыт болып табылады.
Курсанттардың кәсіби білімінің басты мақсаты -олармен әрі қарай өз қызметтік борыштарын орындауға кәсіптілікпен жасауға көмек беретін теориялық және практикалық білімдерін, дағдылары мен білімдерін игеру екені сөзсіз.
«Ішкі істер органдарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша негізгі баяндамамен Институттың тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі А.К.Жүсіпова шықты, ол өз баяндамасында Институттың жеке құрамы мен құрылымдық бөлімше басшыларының назарына тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемені, оның ішінде күндізгі оқу факультетінің курсанттарымен жүйелі ынғайын жеткізді. 
Содан кейін «Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша іс-шараларды зерделеу және әзірлеу» тақырыбына баяндамамен кадр жұмысы бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Т.Ә.Балқыбеков, сондай-ақ суицидтік бағыт мәселелері бойынша дәріспен тәрбие жұмысы бөлімінің аға инспектор-психологы өртке қарсы қызмет аға лейтенанты О.А.Ожерельева шықты.
Семинар соңында, Институт бастығы қорытынды жасай отырып, семинар қорытындысын жасады, құрылымдық бөлімше басшыларына жеке құрам арасында тәрбие жұмысын белсендіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау бойынша нақты тапсырмаларды берді.
kti1 kti1 kti1 kti1

КТИ ақпарат қызметі