kompl 2015 жылғы 19 мамыр күні «ВДНХ-да» Мәскеу қаласында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің «Кешенді қауіпсіздік-2015» VIII-ші жыл сайынғы халықаралық салонының ашылуы болып өтті.
Халықаралық салон 2015 жылғы мамырдың 19-ы мен 22-і аралығында жұмысын жалғастырды, оған Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының тыңдаушылары мен курсанттары қатысты.
Салонның мақсаты: қауіпсіздік жүйелері мен құралдарын ресей нарығында заманауи технологияларды жылжыту мақсатымен үкімет органдары мен қауіпсіздік саласындағы өнім әзірлеушілері арасындағы нәтижелі өзара қатынас.
Салонның негізгі экспозициясы әлем деңгейдегі алаңдарға қойылатын соңғы талаптарды ескерумен жабдықтылған, Жалпы ресейлік көрме орталығының барлық аумағында жаңа көрме кешенінде №75 павильонда  жайылды.
Көрме барысында, салон келушілеріне табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан мемлекеттің қауіпсіздігі және халықты қорғау, сондай-ақ лаңкестік қол сұғушылық саласында заманауи инновациялық технологиялар ұсынылды. 

ISSE-2015 Ресей озат әлеуетті министрліктер мен қызметтердің ауқымды біріктірілген іс-шарасы болғаны ерекшелік болып табылды. 

Подполковник А.С.Айтеев

Ресей ТЖМ Азаматтық қорғаныс

академиясының шетелдік мамандарды

дайындау факультетінің тыңдаушысы

ҚР ІІМ ТЖК КТИ  Төтенше жағдайларды қорғау

кафедрасының аға оқытушысы