inaug 2015 жылдың 29 сәуірнде Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің ұлықтау рәсімі өтті. Рәсімде шет елдердің елшілері, елдің Конституциялық Кеңесінің басшысы, Парламент депутаттары, президент әкімшілігінің, үкімет өкілдері және еліміздің әкімдері қатысты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеу барысында қазақстандықтарға жасалған таңдауы үшін алғысын білдіріп, алдағы реформалар мен одан әрі мемлекеттік қалыптасуындағы 100 нақты қадам бағдарламасы туралы айтты. Ол халқымыздың ең үздік қасиеттері – сындарлылығы, ұстамдылығы, сақтылығы Мәңгілік ел туралы арманымызды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сенімін білдірді. Баяндамасын қорытындылай отырып Ұлт көшбасшысы келесіні айтты: «Біз, ұлы ұлт бола отырып, жаңа дәуірге сенімді қадам басудамыз. Қазақстан мәңгілік жері баталы болсын! Біртұтас ұлтымыз мықты болсын!».


Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау рәсіміне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының қызметкерлері мен курсанттары қатысты. Институт басшысы өртке қарсы қызмет полковнигі С.Д. Шәріпханов бастаған салтанатты шеру марш әуенімен әскери саппен ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа институт алдына қойылған мақсаттарға жету ұмтылысын білдірді.

Қатарда болғандардың ішінде мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларға бірнеше рет қатысып көрген тәжірибелі қызметкерлер мен жас курсанттар да қатысты.

inaug1

КТИ оқу-саптық бөлімшесінің 3-курс старшинасы өртке қарсы қызмет аға сержанты Тимур Мұқашев түрлі ел бастарының көптеген кездесулері, халықаралық саммитер, қарулы күштердің парадтары бар мемлекекеттік және халықаралық деңгейдегі 400-ден астам ресми іс-шараларға қатысты. Сонымен қатар Т.Б.Мұқашев Мәскеу қаласында өткізілетін «Спасская башня» атты әскери-музыкалық фестивалінің бірнеше мәрте қатысушысы.

«Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы – ел мен халық үшін нағыз мереке болып табылады. Бұл азаматтардың ертеңгі күнге, елдің тұрақтылығына деген берік сенімі. Біз Қазақстан Республикасы Президенті алдымызға қойған міндеттерді абыроймен орындаймыз» - деп мәлімдеді Мұқашев Тимур.

Қатардағы өртке қарсы қызметінің 3-курс курсанты Смағұлов Батырхан: «Мен алғаш рет мемлекеттік маңызы бар іс-шараға қатыстым. Біз Қазақстан Республикасы Президентінің ұлықтау рәсіміне көп дайындалдық, көп жаттықтық. Әскери оқу орнына түсіп, дұрыс таңдау жасағаныма ешқашан күмәнім болған жоқ. Енді мен үшін «Отан игілігі үшін қызмет көрсету» жай ғана сөз емес, өмір бойы абыроймен көтеріп жүретін парызым».

КТИ баспасөз қызметі