Жоғарғы оқу орындарында ғылыми жұмыс білім беру жүйесінің айырылмас бөлігі болып табылады.Тәжірибені теориядан бөліп ала алмаймыз, сол тәрізді білімде ғылымсыз өмір сүре алмайды.
2015 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі  Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының қабырғасында курсанттар, студенттер мен жас ғалымдардың қатысуымен Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған  Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жергілікті әуе жабуылына қарсы және өрттен қорғау қызметтерінің рөлі тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай конференцияның басшыларымен-модераторлары болып курсанттардың өздері болды .

konferenciya2

Конференцияға қатысушыларға өртке қарсы қызмет полковнигі ф-м.ғ.к  К.Ж Райымбеков және халықаралық байланыс және ғылыми жұмыс проректоры ф.ғ.д  профессор Ж.Ж.Толысбаева құттықтау сөз сөйледі.
Ғылыми жұмыс форумына, курсанттар және студенттер Қазақстан Республикасы мен шетелдің жоғары орта-арнайы оқу орындарының магистрларымен тындаушылары қатысты, және де Ресей Федерациясы ТЖМ Орал мемлекеттік өртке қарсы қызмет институтының адъюнканттарыда қатысты. Конференция барысында Москва қаласының ААҚ «ПТС» өкілдерімен өрт сөдіруді оқытатын Симулятор таныстырылды,виртуалды Симулятор өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды дайындауға арналған.Орал Институтының адьюнкаты ішкі қызмет лейтенанты В.П Данның  Нанокөміртекті бөлшектерді аргондық ортада қыздыру тақырыбындағы баяндамасы өте қызықты болды және форумға қатысушылардың арасында қызу пікір талас туғызды.Конференцияға барлығы жүзге тарта жұмыстар тіркелді,олардың отызы іштей қатысты.
Конференция аясында Институт курсанттарының қатысуымен автокөліктегі төтенше жағдайды жою, адам құтқару, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі тактикалық-арнайы жаттығу сабақтары көрсетілді.
Конференция қорытындысы  бойынша қатысушыларға куәландырылған сертификаттар табыс етілді.
 
 КТИ баспасөз қызметі