raspredelenie1

2015 жылғы 27 ақпанда ағымдағы жылдың Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтыкүндізгі оқу факультеті түлектерінің жеке таратылымы бойынша комиссия отырысы өткізілді.

2015 жылы 146жоғары кәсіби білімді мамандарды, оның ішінде Көкшетау техникалық институтының «Өрт қауіпсіздігі»  мамандығы бойынша 131түлегі, Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының «Өрт қауіпсіздігі» мамандығының12түлегі және Ресей ТЖМ Азаматтық қорғаныс академиясы «Төтенше жағдайлар қорғау» мамандығының 3 түлегішығару жоспарлануда.

raspredelenie2

    Комиссия отырысы институт бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі С.Д.Шәріпхановтың төрағалығымен өтті. Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Кадр жұмысы басқармасының бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі А.К.Ахметалина, төтенше жағдайлар органдарының ардагеріЮ.В. Румянцев және институттың қызметкерлері қатысты.

    Комиссия отырысының шешіміне сәйкес түлектер қызметтерін әрі қарай жалғастыру үшін Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық органдарына бөлінді.

 

Күндізгі оқу факультеті