Принтерге шығару
P1010325 Жақын арада Қазақстан әлемнің ең үздік мемлекеттері қатарына енуі тиіс.  Президент өзінің кезекті жолдауында халықтың іс жүзінде барлық деңгейлерін қамти отырып, тура жастарға жолдау жолдағаны, мені ағартушы ретінде ерекше қуантады.

Көкшетау техникалық институты бастық, техника ғылымдарының докторы, өртке қарсы қызмет полковнигі С.Д Шәріпхановтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандар шеберханасы есебінде осы бағытта белсенді түрде жұмыс жасап, Президенттің бастамасын іске асыруда.  Атап айтар болсақ: жоғарғы кәсіби-техникалық оқыту мекемесі ретінде біздің жұмысымыз ең алдымен ТЖМ жүйесінің жоғары білімді жас мамандардағы ағымдағы және болашақтағы қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Ең жақсы білім беру әрі сол арқылы анағұрлым жарқын болашақ ұсыну мақсатында, біз білім беру қызметімен шектелмей, оқу бағдарламаларымызды жетілдіріп, ғылыми-зерттеу әрекетімізді белсенді түрде дамытып, оқыту әдістемесін үнемі жаңғыртып отырамыз.
Ұлт көсемінің саясаты арқасында институт шетел ведомстволық жоғарғы оқу орындарымен қойын-қолтық ынтымақтастықта болып, тәжірибе алмасып, іс жүзінде өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеуде. Біз тек кәсіби деңгейі жоғары мамандарды даярлап қана қоймай, сонымен қатар жан-жақты дамыған, Отанына жан-тәнімен берілген, халқының тарихын білетін әрі оны қошеметтеп, дәріптейтін жастарды, нағыз патриоттырды шығарамыз.
Осылайша оқу орнының қызмет ету жылдары кезеңінде біз Президенттің жыл сайынғы жолдаулары пунктерінің жүзеге асу мүмкіншілігінің нақтылығына көз жеткіздік.
Сондықтан да мен әрбіреуіміздің қойылған міндеттерді жергілікті деңгейде орындау, жалпы іс көлемінде табысқа әкелетіндігін растаймын, себебі ынтасыздық пен әрекеттің болмауы өз болашағына әрі өз баларының болашағына қатысты жасалған қылмыспен тең.


Р.С. Баймағанбетов, магистр, ҚР ТЖМ КТИ
жедел-тактикалық пәндері  кафедрасының аға оқытушысы,
өртке қарсы қызмет майоры