IMG_9070

2014 жылғыы 20 қаңтарда Көкшетау техникалық институтының сырттай оқу және біліктілікті арттыру факультетінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курстары басталды.
Барлығы оқуға «Облыстық, Астана және Алматы қалаларының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндіру бөлімдер бастықтарының қызмет бойынша орынбасарлары» санаты бойынша 34 тыңдаушы келді.

IMG_9086

Оқу басталмас бұрын бірінші күні сырттай оқу және біліктілікті арттыру факультеті Институт бастығының саптық, кадрларжәне тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі Ж.О. Досмағамбетовтың қатысуымен институттың ішкі тәртібі, оқу үдерісін ұйымдастыру, факультет пен кафедралар қызметі туралы әңгімелесу өткізілді. Сонымен қатар факультет тыңдаушыларымен саптық байқау өткізді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес аталған тыңдаушылар санаты 2014 жылғы 20 қаңтар және 1 ақпан аралығында оқытылады.
Барлығы 2014 жылға біліктілікті арттыру курстары тыңдаушылардың 14 санаты үшін жоспарланды.

Сырттай оқыту және біліктілікті арттыру факультеті