Принтерге шығару
IMG_5695
   Қазақстан және Украина мемлекетінің оқу орындарының оқытушылар арасында тәжірбие алмасу мақсатында ағымдағы, яғни 2013 жылғы 18 қарашада Көкшетау техникалық институты қабырғасында Украина азаматтық қорғанысның ұлттық университетінің арнайы химия және химиялық технологиялар кафедрасының бастығы, доценті т.ғ.к., Е.В. Тарахно семинар сабақтарын өткізді.
IMG_5702
   Семинар бағдарламасының құрамынафакультеттің күндізгі оқу бөлімінің 2 курс курсанттары үшін  «Жанудың теориялық процестері өрт сөндіру негіздері» пәні бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарды өткізу енгізілді.
   Е.В.Тарахно тәжірбеге қатысқан курсанттардың қызығушылық танытқанын атап өтті. Сол сияқты, осындай оқыту әдісін практикамен байланыстырып арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болатындығын атап көрсетті. Сарапта жұмысы курсанттардың өздігінен тәжірбие қорытындысын жасауға, шешім қабылдауға үйретеді. Мұндай тәжірибе өткізу, болашақта курсантардың өз мамандықтары бойынша жақсы маман болуына негіз болады.
   Жалпы техникалық пәндер, ақпараттық жүйелер және технологиялар кафедрасында т.ғ.к., доцент Тарахно Е.В. кафедра доценті, өртке қарсы қызмет подполковнигі Г.Ш. Хасановамен және кафедра доценті Д.Т. Казьяхметовамен оқу үрдісіне жаңа технологиялар мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерді еңгізу және жану үрдісін үйрену саласында  әрі қарай өзара ынтымақтастықты талқылады. Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде кафедра оқытушыларымен ҚР ТЖМ КТИ Хабаршысына ғылыми мақала жарияламасы жасалды.
Г.Ш. Хасанова,
Жалпы техникалық пәндер,
ақпараттық жүйелер және технологиялар кафедрасының доценті,
өртке қарсы қызмет подполковнигі