2013 жылғы  4-17 қарашада аралығында шетел оқытушылары мен ғалымдарын сабақ беру мен қоса ғылыми жұмыстар жасауға тарту бағдарламасы бойынша ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына Белорусия ТЖМ Командно-инженерный институтының оқытушылар келді.
2013 жылғы 4 қарашада Көкшетау техникалық институтының бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі  С.Шәріпханов Командно-инженерный институтының оқытушыларымен Кулаковский Б. Л., техникалық ғылымдарының кандидаты және Ляшенко Л. С.,  физико - математикалық ғылымдарының кандидатымен кездесу өткізді.
Шетел оқытушылар институтта курсантарға сабақтар, лекция оқумен қатар басқа да ғылыми-педагогикалық әңгімелер өткізеді.
Институттың оқытушы-профессорлық құрамы мен шетел ғылымдарының арасында білім беру және ғылыми жұмыс деңгейінде тығыз байланыс орнатылды.
Қазақстан Республикасы
ТЖМ КТИ баспасөз қызметі