Принтерге шығару
IMG_3064
    Ағымдағы жылғы 16-25 қазан аралығында шетел оқытушылары мен ғалымдарын сабақ берумен қоса ғылыми жұмыстар жасауға тарту бағдарламасы бойынша ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтында Рессей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының ғалымдарыпедагогика ғылымдарының кандидаты Сергей Юрьевич Попков және психология ғылымдарының кандидаты Марина Михайловна Купчак лекция оқып қана қоймай, басқа да ғылыми-педагогикалық әңгімелер өткізді.
IMG_3071
   Институт бастығының бекіткен оқу жоспарына сәйкес, күндізгі оқу факультетінің  3-курс курсантарымен  «Өртке қарсы қызмет органдарқызметінде менеджментті ұйымдастыру» және «Қысылтаяң және дағдарыс  жағдайдағы психология»пәндері бойынша жалпы саны 60 сағат сабақ өткізді.
 (ӨҚҚОҚМҰ) пәні бойынша (С.Ю Попков) төмендегі тақырыптарда лекция оқыды:
  - өрт  қауп-қатері теориясының негіздері;
  - елді-мекендердегі өрт қаупінің кешенді көрсеткіші;
  - өрт қауп-қатерін басқарудың және аймақтардағы өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етудегі олардың рөлі;
    ЭКЖП пәні бойынша (Крупчак М.М.) келесі тақырыптар бойынша сабақтар өткізілді:
  - «Экстремалды және кризистік жағдайлардағы психология» курсының пәні, міндеттері және жүйесі;
  -  Адам ағзасының төтенше жағдайларға әсері және экстремалды психологиялық көмек әдістері;
  -  Шектеулі көрініс жағдайында өрт сөндіру;
    Оқу үрдісі кезінде жеткілікті оқу-әдістемелік деңгейде оқу сағаттарының барлық түрлерінің өткізілуі қамтамасыз етілді.  Оқу пәндерінің материалдарын меңгеру сапасының деңгейін бағалау мақсатында  өткізілген сабақтардың нәтижелері бойынша тест түрінде жіктелген сынақтар өткізілді, оның нәтижесінде«ӨҚҚОҚМҰ» пәнін оқыған үшінші курс курсанттарының орташа баллы 2,33, ал ЭКЖП пәні бойынша 2,67 баллды құрады.
    Күндізгі оқу факультетінің 3 курс курсанттары МӨӨҚҚА ғалымдарымен, институттың оқытушы-профессорлық құрамымен, сондай-ақ Ақмала обылысы ТЖД, Қазақстан Республикасы ТЖМ Медицина және апат орталығымен бірлесе отырып 2013 жылдың 25 қазанында «Төтенше жағдайлардың салдарын жою кезіндегі авариялық-құтқару жұмытсраны жүргізудегі курсанттардың алғашқы іс-қимылдарын орындауы» атты тақырыпта Институттың оқу-жаттығу орталығында жаттығу оқулары ұйымдастырылып, өткізілді. Курсанттар өртті оқшаулау және жою әдістерімен, зардап шеккендерді үйінділерден босатумен,
ТЖ алдын алудың әр түрлі іс-қимылдарымен, оның ішінде зардап шеккендерге бірінші медициналық және психологиялық жәрдем көрсету тәсілдерімен танысты.
    Институттың оқытушы-профессорлық құрамы мен МӨӨҚҚА оқытушылары арасында білім беру және ғылыми жұмыс деңгейінде тығыз байланыс орнатылды.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер,
тілдер жіне психологиялық дайындық каафедрасы
Өрттің алдын алу кафедрасы