Принтерге шығару

710kti7_1

2013 жылғы 3 қазанында Көкшетау техникалық институтында күндіргі оқу факультетінің 4-курс курсанттарына Ресей Федерациясы ТЖМ Санкт-Петербург қаласының МӨҚҚ Университетінің шет ел ғалымдары мен Көкшетау қаласының №3-ші ӨСБ-нің техникалық сарапшыларының қатысуымен көшпелі практикалық сабақтары ұйымдастырылды. Курсанттардың назарына жылжымалы өрт-техникалық зертханамен қамтамасыз етілген далалық құрылғылар элементтерінің жұмысы көрсетілді.

710kti7_2

Зертхана болған жерде арнайы және қосалқы жабдықтарды жеткізуге арналған,   өртке қатысты қылмыстарды ашу мен тергеуді жедел техникалық – криминалистикалық сүйемелдеу, сондай-ақ өрт фактілері жөнінде дәлелдеу базасын құруды қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Курсанттар оқытушылармен бірге зертхана жарақтандырылған аспаптармен және құрал-саймандармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын  пысықтады. Мына құрылғыларда жұмыс істеу әдістемелері кеңінен қарастырылды:
- қолайлы ультрадыбысты дефектоскоп. Бұл құрылғы жасанды тастардан жасалған құрылыс конструкцияларында ультрадыбысты толқындардың  өту жылдамдығын өлшеуге мүмкіндік береді;

710kti7_1

- микропроцессорлы импульстік коэрцитиметр. Өртте суық деформацияланған болат бұйымдардың коэрцитивтік күшін өлшеуге арналған құрылғы;
-  «Колион 1» газоанализаторы.  Аспап жану көзі ретінде пайдаланылатын жанатын сұйықтықтың ұшу құрамын анықтауға мүмкіндік береді;
- өрт болған жерде тергеушінің жұмысына қажетті құралдар мен көмекші құрылғылардан тұратын «Антрацид» криминалистикалық жүк сандығы.
Өткізілген практикалық сабақтардың нәтижесінде жылжымалы зертхана жарақтандырылған аспаптармен және құрал-саймандармен курсанттардың жұмыс жасау практикалық дағдыларын жетілдірудің негізгі мақсаты жүзеге асты.

Өрттің алдын алу кафедрасы