2013 жылғы 2 қазанда институт қабырғасында күндізгі оқу факультетінің 4-курс курсанттары мен облыстар ТЖ департаменттерінің өкілдерімен, кезекті зертханалық - емтихан сессиясына келген сырттай оқу факультетінің 5-курс тыңдаушыларымен  кездесуі өткізілді.
kti7102 kti7102_1 Кездесуге Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет майоры Серік Асылтайұлы Шақабаев, Қостанай облысы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қостанай қаласының  Төтенше жағдайлар басқармасының аға маманы, өртке қарсы қызмет майоры Азамат Базарбайұлы Тойбағаров, Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің қарауыл бастығы, өртке қарсы қызмет аға лейтенанты Дулат Өмірзақұлы Мүсәпіров шақырылды.
Кездесу кезінде ӨҚҚО қызметкерлері келесіні ескертті, тәжірибе кезінде болашақ мамандар әр түрлі қиыншылықтармен кездеседі.
Сондай-ақ курсанттар қонақтардың отпен күресу жеке тәжірибесіне қызығушылығымен қарады.
Кездесу аяқталар кезде қонақтар курсанттарға оқуда жетістік және «құрғақ жең» тіледі.

4-курстың оқу-саптық бөлімшесі