DSC_3188

2013 жылғы 12-13 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде «Тілдарын» және «Мемлекеттік тіл – менің тілім» республикалық байқаулары өтті. Осы іс-шараға Көкшетау техникалық институты атынан әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдер және психологиялық дайындық кафедрасының доценті, өртке қарсы қызмет подполковнигі Қ.Ә. Нарбаев және күндізгі оқу факультетінің 2-курс курсанты Д.Таранов қатысты.

DSC_3205

Министрліктің аппарат басшысы С.К. Оқасов байқау қатысушыларын құттықтады, ол қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Тілдарын» байқауына 16 қызметкер қатысты, олар министрліктің өз құрылымдық бөлімшелерінде іріктеу кезеңінің жеңімпазы болып табылады. осы байқау үш тілде: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Байқау шарты бойынша қатысушы: өзін-өзі таныстыру, үш тілде леспе аударма, жеребе бойынша, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өз өнерлерін ортаға салу және берілген терминдер мәтінін үш тілге аудару. Өзідеріңіз байқап отырғандай сайыс шарты өте күрделі болды және де сайыс шартын мінсіз орындап шығу әркімнің қолынан келе бермейтіні анық. Мыңнан – жүйрік, жүзден – тұлпар демекші әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдер және психологиялық дайындық кафедрасының доценті, өртке қарсы қызмет подполковнигі Қ.Ә. Нарбаев жеңістің ең биік тұғырына көтеріліп, өзін үш тілді жетік білетін білікті  маман екенін республика жұртшылығына паш етті.

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауында қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері қатысты. Көкшетау техникалық институты атынан Дами Таранов қатысты, ол байқау қарсы алдында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау техникалық институтында өткен жоғары оқу орындары арасында мемлекеттік тіл білімі байқауының жеңімпазы атанды. Дамир байқаудың ең жас қатысушысы болды, ол институт атынан лайықты қатыса білді.

ҚР ТЖМ КТИ баспасөз қызметі