IMG_7566

Қазақстан Республикасының Конституция күнін тойлау қарсаңында 2013 ж. 29 тамыз күні Көкшетау техникалық институтында салтанатты мәжіліс өткізілді. Іс - шараға жеке құрам, курсанттар мен шақырылған қонақтар қатысты.
Көкшетау техникалық институтының бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі, техника ғылымдарының докторы С. Шәріпханов өзінің баяндамасында: «Тәуелсіздікті алған күннен бастап, осы жылдары бойы Қазақстан Республикасы ТЖМ жүйесінің дамуы мен қалыптасуын  атап өту керек.

IMG_7585

Конституцияға сүйене отырып, төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласында нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу жүргізілуде» - деп атап өтті. Сонымен қатар әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдік және психологиялық дайындық кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, өртке қарсы қызмет подполковнигі Д.К. Шаяхимов, күндізгі оқу факультетінің 2 курс курсанттары Жүсіп Ілиясов пен Шахмардан Ширазов баяндамалар жасады. Ақмола облысы бойынша Жастар саясаты басқармасының бастығы Шахмардан Байманов курсанттар мен қызметкерлерді облыс әкімі атынан құттықтады.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет Грамоталарымен және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өткізілді. Қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша ішкі істер органдарымен белсенді өзара әрекеттесу үшін және Қазақстан полициясы күніне орай, Көкшетау техникалық институтының бастығы С. Шәріпханов «Қазақстан полициясына 20 жыл» меретойлық төс белгісімен марапатталды. Оқудағы жақсы көрсеткіштері, жеке басының тәртіптілігі үшін күндізгі оқу факультетінің 4 курс курсанттарына мерзімінен бұрын кезекті арнайы атақтар берілді. Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы ТЖМ әскери бөлімдері арасында мемлекеттік тілден өткен байқауда «Капитандар байқауы» және «Ана тілі – дана тіл» екі номинациясын жеңіп алған 2 курстың курсанттарына Құрмет грамоталары табыс етілді. 
Іс-шара соңында институт бастығы С. Шәріпханов іс-шараға қатысқан курсанттар мен қонақтарға енбекте табыс және тәуелсіз Қазақстанның гүлдену жолында мол жетістіктер мен биік белестерден көріне берулерін тіледі.

Қазақстан Республикасы ТЖМ КТИ баспасөз қызметі