kluchi cmk 1 Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында ҚР ІІМ ТЖ комитеті төрағасының орынбасары М.М. Күлдіков ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне жаңа екі реанимобильдің кілтін тапсырды.
Аталған көліктер Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражатқа Төтенше жағдайлар комитеті материалдық-техникалық базасын қамту мақсатында алынған болатын. Одан әрі Апаттар медицинасы орталығы Астана қаласы бойынша филиалының есебіне алынып, «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмені медициналық қамту кезінде уақытылы және сапалы қызмет атқару үшін беріледі.
Бұл реанимобиль зардап шеккен адамдарға емдеу мекемелеріне жетер жолда көмек көрсететін барлық қажетті медициналық құралдармен қамтылған.
Стандартты жедел жәрдем қызметінің көлігімен салыстырғанда заманауи құылғылармен қамтылған: дефибриллятор, электрокардиограф, ИВЛ аппараты, транспорттық монитор, пульсоксиметр, арба-каталка, дене-мүшелері сынған адамдарға арналған шиналар комплектілері, сонымен қатар шұғыл медициналық көмек көрсететін чемодан.
Медициналық қызметкерлер үшін емдеу шараларын дереу қолдану өте маңызды. Тәжірибеде көп кездесетін реанимациялық шаралар, бұл адам өмірін аман алып қалудағы басты шара. Осындай құрал-жабдықтармен мамандар зардап шеккен медициналық көмекке зәру жандарға көліктің ішінде де қызмет көрсету мүмкіндігіне ие. Бұл өз кезегінде ең асыл адам өмірін уақытты жоғалтпай сақтап қалуға зор мүмкіндік береді.

ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығы