16 CMK Day Stars 1 Қарттар күні – бұл әрбір жанұяның қариялары асыға күтетін керемет мерекесі. Жыл сайын біздің зейнеткерлерді құттықтау филиалдың дәстүріне айналды. Халықаралық қарттар күнін мерекелеу қарсаңында ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Ақтөбе облысы бойынша филиалы қызметкерлерімен филиал зейнеткерлерін құттықтау іс-шарасы ұйымдастырылды.
16 CMK Day Stars 2 Зейнеткерлер бізді жылы құшағымен қарсы алды, олардың көздерінен қуаныш нұры төгілді. Кездесу барысында олардың жұмысқа деген сағынышын білдік, көп жылдар бойғы қызметтегі қуанышты сәттер мен жетістіктерді айтып, «Апаттар медицинасы орталығының» 25 жылдығымен құттықтай отырып, қызметкерлерге шығармашылық табыстар, төтенше жағдайдың аз болуын, отбасының амандығы, ең басты байлық - зор денсаулық тіледі.
Қарттар бізді үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға үйретеді. Осылайша қарттарды құрметтей отырып, олардан алғыс алып, филиалдың жас қызметкерлеріне үлгі етеміз.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ
Ақтөбе облысы бойынша
филиалының психологі Давлетова Г.А