17 1 ЖҚО кезінде қаза тапқан адамның өмірі көптеген факторлармен байланысты, сонын бірі алдын ала көрсетілген медициналық көмек. Өмір үшін күрес стационарға келгенге дейін басталады, мұндай жағдай медициналық құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен жақсы жабдықталған медициналық персонал реанимобильде емін бастайды, себебі бұл жағдайда әрбір минут қымбат.
17 2 ЖҚО 2019 жылдың 26 тамызында таңертең сағат 07:35-те Самара-Шымкент трассасында орын алды. ТЖД-ның кезекші диспетчерінен шақыру түсті. ҚР ІІМ ТЖК«АМО» мемлекеттік мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша филиалының бойынша «Қалыбай» ТМҚП-сының құрамындағы 2 фельдшер және 2 құтқарушы бар бригадасы оқиға орнына 35 минуттан кейін жетіп келді.
Транзиттік микроавтобустың жүргізушісі көлік тізгінің басқара алмай, автокөліктің аударылуына жол берді, соның нәтижесінде 1 адам қаза тапты, 7 адам (оның екеуі балалар) түрлі дәрежедегі шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болды. Жағдайды дұрыс бағалай отырып, зардап шегушілердің саны мен зардап шегушілердің ауырлық дәрежесін ескере отырып, бригаданың аға фельдшері жақын орталық аудандық ауруханасынан реаниматолог-дәрігермен бригаданы шақырды. ТМҚП бригадасы бес ересек және екі балаға қызмет көрсетті (2013 және 2007 жылы туылған): 4 адам ауыр дәрежедегі жарақат алды,3-і орта дәрежедегі жарақат алды. Дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсетілгеннен кейін барлық жеті зардап шеккен адамдар Ырғыз қаласының ең жақын орталық аудандық ауруханасына эвакуацияланды. ТМҚП бригадасының үйлесімді қызметінің нәтижесінде және орталық аудандық ауруханасы дәрігерлерінің арқасында ЖҚО кезінде қаза тапқан адамдар орталық аудандық ауруханасына дер кезінде жеткізілді.
Микроавтобустың жолаушылары Қырғызстан Республикасының азаматтары болды.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ