18 1 Көбінесе жол-көлік оқиғалары жылдамдық режимінің бұзылуы, нашар түнгі көріну және жүргізушінің немқұрайлығының салдарынан болады.
2019 жылдың 19 тамызында сағат 20:03-те 117 км Алматы-Өскемен трассасында нашар түнгі көріну салдарынан, жеңіл автомобиль көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, көлік құралының аударылып кетуіне жол берген салдарынан кезекті жол апаты оқиғасы болды.
18 2 Бұл оқиға туралы сигнал «Тарғап» ТМҚП диспетчеріне 20:06 мин. «Ұзынағаш» кентінің «103» -нен зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету және эвакуациялау қажеттілігі туралы сигнал келіп түсті. Осы мақсатпен «Тарғап» ТМҚП-ның шұғыл әрекет ету бригадасысағат 20:10 мин. жолға шығып, 4 минуттан кейін құрамында 2 фельдшер, 2 құтқарушы бригада реанимобильмен оқиға орнын жетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, 4 адам зардап шекті. Әр түрлі жарақаттары мен ауырлығы бар зардап шеккендердің барлығына шұғыл медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, "Тарғап" ТМҚП қызметкерлерімен
Ұзынағаш кентінің Орталық аудандық ауруханасына жеткізілді
Алматы қ. бойынша ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ филиалы