30 1 9 тамызда 02 сағат 50 минутта Алматы облысының «Тарғап» трассалық медициналық-құтқару пунктінің диспетчерінің пультіне ТЖД кезекшісінен «Алматы-Ташкент» автожолының 116 шақырымында жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі рульдік басқаруды игере алмай, көлік құралының аударылып кетуіне жол берген. Оқиға салдарынан 27 адам зардап шекті, оның екеуі балалар.
Апат орны ТМҚП 12 км орналасқан, медициналық-құтқару бригадасы бар реанимобиль 12 минуттың ішінде оқиға орнында болды.
30 2 Зардап шеккендердің ауырлық дәрежесін бағалай отырып, ТМҚП фельдшері жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру туралы шешім қабылдады. ЖКО болған жерде жедел медициналық көмек бригадасы келгенге дейін бір мезгілде медициналық сұрыптау (зардап шеккендерді көмекке мұқтаждық принципі бойынша топтарға бөлу) және аса ауыр жағдайда болған зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жүргізілді.
30 3 «Тарғап» ТМҚП бригадасы 9 зардап шегушіге көмек көрсетті, оның ішінде 2 бала және үш зардап шеккен Өзбекстан Республикасы азаматтары. Әр түрлі жарақаттармен зардап шеккендердің барлығы Ұзынағаш ауылының орталық ауруханасына одан әрі емдеу үшін жеткізілді.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ