Ағымдағы жылдың 9 - 10 тамыз аралығында Алматы облысының Заречный ауылында Орталық Азияның шекаралас мемлекеттерінің ішкі істер министрлерінің екінші кеңесі өтеді.
Кеңес Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал -майоры Ерлан Тұрғымбаевтың төрағалығымен өтеді.
Алматы қаласы бойынша Апаттар медицинасы орталығы филиалының шұғыл әрекет ету бригадасы осы іс-шараны медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Медициналық көмек көрсету үшін бригада қажетті дәрілік заттармен, медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырылған.
«Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалының қызметкерлері іс-шараға қатысушыларға жедел көмек көрсетуге дайын.
ҚР ІІМ ТЖ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ