2019 жылдың 8 тамызында Алматы-Ташкент автожолының 408-ші шақырымында Карл Маркс ауылының жанында шағын автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, 12 жолаушы болған автомобильдің аударылуына жол берді. ЖКО салдарынан тоғыз адам зардап шекті.
Оқиға туралы дабыл Жамбыл облысының «Луговой» трассалық медициналық-құтқару пунктінің диспетчеріне жедел жәрдем диспетчерінен келіп түсті.
Оқиға орнына жедел түрде арнайы реанимобильде 2 фельдшер және 2 құтқарушы бар жол бойындағы пункт мамандарының бригадасы шықты.
ТМҚП бригадасы оқиға орнында сегіз зардап шеккен адамға қызмет көрсетті. Барлық сегіз зардап шегуші, орташа дәрежедегі жарақаттарымен Құлан қаласының аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Бір зардап шеккен адамға жедел медициналық көмек бригадасы көмек көрсетті.
ҚР ІІМ ТЖ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ