121212 1 Ағымдағы жылдың 4 - 8 тамызы аралығында Ақмола облысы Степногорск қаласында Комитеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау мамандарының Республикалық оқу-әдістемелік жиыны өткізілді.
Оқу іс-шараларына 48 әскери қызметші қатысты.
121212 2 Апаттар медицинасы орталығының Нұрсұлтан қаласы бойынша филиалының құрамы 3 адамнан тұратын шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің бригадасы осы іс-шараны медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырды.
121212 3 Сондай-ақ, РХБҚ далалық жиындардың барысында шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасы «Радиациялық, химиялық, биологиялық заттармен улану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбында дәріс өткізді және қорғау құралдарын қолданудың практикалық дағдыларын пысықтады.
«АМО» ММ дәрігерлерімен медициналық қамтамасыз ету кезінде жіті респираторлық және созылмалы аурулардың асқынуымен 9 адамға көмек көрсетілді.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы