Жаздың сонғы айының келгеніне қарамастан, ауа температурасы 30 градустан асып тұр. Біздін қаланың тұрғындары жұмыстан кейін бос уақытта өз отбасыларымен жағажайларда серуендеп, Ертіс өзенінің салқын суы мен басқа да көлдерге суға түсіп, шомылу үшін келеді. Бұл ретте алдын алудың қарапайым ережелері, әсіресе алкогольдік ішімдікке тойып алғаннан кейін ұмытылады.
Өкінішке орай, биыл суға кетіп, қаза болған адамдардың саны көңіл көншітпейді.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізуде: рейдтер ұйымдастырылып, парақшалар таратылуда, демалушыларға ақпараттық хабарлама беретін ретротрансляторы бар арнайы автомобильдер жүреді; жағалауға зерттеу жүргізіліп, жүзуге тыйым салынған жерлер анықталды.
Өкінішке орай, күн ыстық болғандықтан адамдар барлық тыйымдар мен сақтық ережелерін елемейді.
2 тамызда Павлодар облысы бойынша ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің жедел медициналық көмек көрсету тобы облыстың АҚТ ТЖД авариялық-құтқару жасағының құтқарушыларымен бірге Усолка өзенінің жағасында жаттығулар өткізді.
Демалып жатқан жүздеген адамдардың көз алдында арнайы тез жүретін қайықтар мен құтқару құралдарын қолдана отырып, суға батып бара жатқан адамдарды құтқарудың әдістері пысықталды: алдымен құтқарушылар зардап шеккендерді судан шығарды, содан кейін оларды жағаға тасымалдау кезінде алғашқы медициналық көмек әдістерін қолданды, сол жерде шартты түрде жарақаттанған адамдарды Апаттар медицинасы орталығының жедел медициналық көмек көрсету бригадасына тапсырды.
Бұл іс-шара облыстың телеарналарында көрсетіліп, барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ
Павлодар облысы бойынша филиалы
ШМККБ бөлімінің басшы-дәрігерінің м.а.
И.Колесниченко