Принтерге шығару
31 CMK Avariya 3 Жол – көлік оқиғасы 1 тамызда Самара-Шымкент тас жолында, Жосалы кенті ауданында орын алған. Алдын ала болжам бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі жеңіл автокөлікке жол бермеген.
Қызылорда облысының «Жосалы» трассалық медициналық-құтқару пунктінің диспетчеріне зардап шеккендер саны көп болған жол оқиғасы туралы ақпарат 8. 48-де келіп түсті. Жол-көлік оқиғасы орнына дейінгі қашықтыққа (16 км) медиктер мен құтқарушылар бригадасы 16 минуттың ішінде жетті.
Оқиға орнында Қармақшы ауданының жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Алайда құтқарушылардың көмегі қажет болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер көлік салонында қысылып қалды, оның кузовы соққыдан қатты өзгерген.
Арнайы құралдардың көмегімен трассалық пункттің құтқарушылары жараланғандарды шығарып алып, қаза болғандардың мәйітін бұғаттады.
Көлік соқтығысуынан 5 адам қатты жарақат алып зардап шеккен, 4 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, тағы біреуі аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінде қайтыс болды.
Полиция ақпараты бойынша, жүк автомобилінің жүргізушісі Қазақстан азаматы, микроавтобуста болған адамдардың барлығы – Қырғызстан азаматтары.
Қазір аудандық аурухананың дәрігерлері зардап шеккен үш адамның өмірі үшін күресуде. Олар көптеген жарақаттар алды және ауыр жағдайда.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ