6 CMK Ukus Zmei 1 Жамбыл облысындағы «Шығанақ» трассалық медициналық-құтқару пунктіне 35 жастағы жылан шағып алған ер адам келіп қаралды.
Оның айтуынша, ол Балқаш көліне балық аулауға барған. Уақытша аялдамада, «Алматы – Екатеринбург» трассасының бойында демалушы жазғы ашық аяқ киіммен машинадан шықты. Далада серуендеп жүргенде жыланға кезігіп, оны тістеп алды.
6 CMK Ukus Zmei 2 Ер адам қандай бауырымен жорғалаушы шаққанын мұқият қарап үлгермеді, бірақ оның сипаттамасы бойынша бұл улы жылан болуы мүмкін деп болжауға болады. Оң аяқтың саусағынан шақты.
Жол бойындағы пункттің дәрігерлері ер адамға алғашқы көмек көрсетіп, жыланның шағуына қарсы арнайы сарысуды алу үшін Приозерск қаласының стационарына қаралуына кеңес берді.
6 CMK Ukus Zmei 3 Ер адам көлігімен өз жолын жалғастырды, алайда бір сағаттан кейін жағдайы нашарлады. «Шығанақ» ТМҚП диспетчері науқастың жағдайы және демалушылардың қозғалыс бағыты бойынша келе жатқан қозғалыс орны туралы Қарағанды облысының «Сырашаған» трассалық пунктіне ақпарат берді.
«Сарышаған» трассалық пунктінің бригадасы дереу науқасқа қарсы шықты. Приозерск қаласынан 30 шақырым жерде ер адам медициналық-құтқару реанимобильіне алынып медициналық көмек көрсетілді, әрі қарай Приозерск қаласының қалалық ауруханасына жатқызылды.
Екі «Шығанақ» және «Сары-Шаған» ТМҚП нақты және сауатты іс-қимылдарының және уақытылы көрсетілген медициналық көмектің арқасында зардап шегушінің өміріне қауіп төнбеді және бір тәуліктен кейін аман-есен уйіне шығарылды.
Өйткені мұндай улануларда әрбір минут маңызды. Біз тез арада уға қарсы екпе енгізіп, қажетті көмек көрсете алсақ, соғұрлым әр түрлі асқынулар үшін қауіп-қатер аз болады.
 
ҚР ІІМ ТМЖ ФГУ «ЦМК»
Қарағанды облысының
«Сары- Шаган» ТМҚП
дәрігері В.В.Ховрин