Принтерге шығару
Соңғы он жыл ішінде түрлі төтенше жағдайлар саны арта түсуде, бұл өз кезегінде стресске реакциясы асқынған адамдар, сонымен қатар «қосымша құрбандар» санының артуына әкеліп соғады.
Тәжірибе көрсеткендей, ТЖ кезінде психологиялық-психиатриялық көмекке зәру адамдардың 25% ғана мамандардың көмегіне белсенді жүгінеді, өйткені олардың пайымдауынша, мамандандырылған көмекке жүгіну олардың әлеуметтік мәртебесіне кері әсер етуі мүмкін. Бұл тұлғалар «жедел желі» телефонын қолдануды жөн санайды, өйткені көмектің бұл түрі жасырын болуды, сенімділікті, құпиялылықты және кез-келген уақытта әңгімені тоқтата алуды көздейді.
Айта кету керек, азаматтық қорғау органдары жүйесінде телефонмен жұмыс жасау бойынша тәжірибе жинақталған. Әсіресе адамдардың басым бөлігін қамтитын қоғамдық маңызды ТЖ кезінде «жедел желі» бойынша көмекке жүгіну айтарлықтай жоғары.
Осылайша, Түркістан облысы Арыс қаласында әскери оқ-дәрісі бар қоймада болған жарылысқа байланысты, ТЖ туындаған алғашқы сағаттарда «жедел желі» тәуліктік телефондар ашылған болатын, онда азаматтық қорғау органдарының психологтары жұмыс жасаған.
«Жедел желі» ашқан кезде психолог мамандарының алдында бірнеше негізгі міндеттер тұрған.
Біріншісі – ақпаратпен толыққанды қамтамасыз ету және туыстары зардап шеккен адамдарға, туғандарын уайымдап жатқандарға қолдау көрсету. Ондай жағдайларда ең алдымен олардың туыстары зардап шекті ме, шекпеді ме, олардың жағдайы қандай, қай ауруханада жатыр, оларды қалай тауып алуға болады және тағы көптеген мәселелер алаңдатады. Сонымен қатар, зардап шеккендерге қолдау көрсеткісі келетін – қан тапсырамын, қаржылай көмек көрсетемін, қолдау сөздерін жеткіземін деген адамдардан да қоңыраулар түсіп жатады.
Екінші міндеті – өз жақындарын таба алмай жатқан адамдарға, зардап шеккендерге, оқиғадан қатты шошыған адамдарға психологиялық көмек көрсету. Әрине, мұндай режимде психолог ұзақ консультациялар жүргізбейді, алайда уақыт тапшылығына қарамай, ол көп жағдайда зардап шегушімен бірнеше мәрте толыққанды жұмыс жасайды.
ТЖ салдарларын жою кезінде психологтар көмекке зәру адамдармен үнемі байланыста болады. Мысалы, «жедел желі» телефонына Арыс қ. мектептерінің бірінде мектеп директоры қорқыныш пен үрейге қарамастан барлық ұжымды (балаларды, мұғалімдерді) жинап, мектеп астындағы орын-жайға түскені туралы хабарлаған қоңырау келіп түскен. Психолог онымен адамдардың қауіпсіз жерге толық эвакуацияланғанға дейін жұмыс жасаған.
Тағы бір оқиға, үрей мен қорқыныш сезімде болған адамдар жарылыстан қорқып, қалаға қашқан. Алайда, уақыт өте келе есеңгіреген адамдар қай жерде екенін, қаладан қанша шақырымға алыстағанын түсінбей қалды. Көмекке шақыру үшін биік жерге тұрып, «жедел» желі телефонына қоңырау шалды. Әңгімелесу барысында психолог адамдардың нақты орнын, жалпы санын, олардың арасында шұғыл медициналық көмекке зәру зардап шеккендер бар-жоғын анықтады. Психолог мен құтқару бөлімшелерінің білікті әрекеті арқасында адамдар табылып, эвакуацияланды.
Ер адам «Алматы-Саратов» пойызы станциялардың бірінде жолаушыларды шұғыл түрде түсіргені туралы ақпарат жеткізіп, «жедел желі» телефонына хабарласқан, ол кезде жолаушыларға тамақ пен ішетін су қажет болатын, өйткені адамдар 4 сағатқа жуық эвакуцияны күткен болатын. Эвакуация 6 сағатқа жалғасқан, сол уақыт ішінде психолог пойыз жолаушыларына қолдау көрсетті. Психологтардың халықпен осылай телефонмен жұмыс жасау мысалдарын тізе беруге болады.
Айта кету керек, төтенше жағдайда телефон арқылы көрсетілген көмек тиімді, өйткені адамдарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету маңызды. Қоңыраулардың санына тоқталсақ, ол қандай жағдайдың болғанына және қанша адам зардап шеккенге тікелей байланысты.
Алғашқы 24 сағат ішінде ақпараттық сипаттағы жүгінулер басым түскен (ТЖ кезінде зардап шеккен туыстары туралы білгісі келген адамдардан). Содан кейін зардап шеккендерге және «қосымша құрбандарға» көмек көрсетуге қатысты туыстардан келіп түскен қоңыраулар. ТЖ болған 48 сағаттан кейін «жедел желіге» зардап шеккендердің өзі телефонға көмек алу үшін хабарласқан. Жүгінулердің сипаты көп жағдайда зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастыру ерекшелігімен, ТЖ салдарларын жоюға бағытталған іс-шаралармен және оқиғаларды БАҚ-да жариялау сипатымен айқындалады. Атап айтқанда, көмек көрсетуді тиімді ұйымдастыру кезінде бұқаралық ақпарат құралдары хабарлаған «қосымша құрбандар» саны шын мәнінде төмен.
«ЖЖ» телефонында жұмыс істеудің негізгі қағидалары: бірқалыпты болу, ақпаратты игеру, адамды қолдай білу. Өйткені, төтенше жағдай кезіндегі психологиялық көмек – эмоционалдық және физикалық тұрғыдан көп күш жұмсауды талап ететін еңбек. Сондықтан да, психологтың ТЖ-да жұмыс жасауға даярлығы жоғары болу керек, оның біліктілігі мен кәсібилігі маңызды, орындайтын жұмыстың маңыздылығын түсіну, үнемі іздену, өздігінен үйрену және басқа да түрлі психологиялық қызметтердің психологтарымен білсенді әрекеттесу.
Анықтама үшін: Апаттар медицинасы орталығының психологтары «жедел желі» телефонымен жұмыс жасау барысында 158 қоңырау қабылдаған, 136-уы – ақпараттық сипаттағы қоңыраулар болса, телефон арқылы көмекке жүгінген 22 адамға шұғыл психологиялық көмек көрсетілген.
 
ҚР ІІМ ТЖК
«АМО» ММ психологы
Д. Жакубекова