Түркістан облысы Арыс қаласының әскери бөлімінде жарылыс болғаннан кейін бір ай өтті, оның ішінде ТЖ орнында тәулік бойы кезекшілікті Шымкент қаласы бойынша Апаттар медицинасы орталығы филиалының медиктерінің бригадасы жүзеге асырды.
Жағдайдың тұрақтануына байланысты, 2019 жылдың 25 шілдесіңде бригада медициналық қамтамасыз етуден алынып, тұрақты орналасқан жерге жіберілді.
Төтенше жағдай салдарын жою кезінде апаттар медицинасы орталығының медициналық-психологиялық құрамалары барлығы 72 адамға медициналық көмек көрсетті, оның ішінде 5 балаға, 6 адам емдеу мекемесіне эвакуацияланды.
Зардап шеккен 10 тұрғынға шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. «Жедел желі» телефоны бойынша 159 қоңырау қабылданып, 22 адамға шұғыл психологиялық көмек көрсетілді, 137 ақпараттық сипаттағы қоңыраулар қабылданды.
Апаттар медицинасы орталығынан төтенше жағдайдың медициналық-санитарлық салдарын жоюға барлығы 19 адам жұмылдырылды: 14 медицина қызметкері, 5 психолог, 4 бірлік техника.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ