13 CMK PreSS 1 2019 ж. 13 шілдесінде Саран қаласында тас карьерінің су қоймасында, «Саран қаласының төтенше жағдайлар бойынша бөлімшесі» ММ және «Жедел-құтқарушылар жасағы» ТЖД РММ бірлестікте көшпелі мастер-класс жүзеге асты, оның тақырыбы: «Суда адамдарды құтқару және бату жағдайында жедел медициналық көмек көрсету», ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қарағанды облысы бойынша филиалының жедел медициналық көмек бригадасымен бату кезіндегі алғашқы көмек көрсетуге тұрғындарды үйрету мақсатымен көрсетпелі сабақ жүргізілді. Оның ішінде, жүрек-өкпе реанимацияларының бастапқы жиынтығы көрсетілген болатын және де «Ересектер мен балаларға жылу («күн») соққысында алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбы бойынша дәріс оқытылды.
Алғашқы медициналық көмек көрсетуді барлығына білген жөн, өйткені, зардап шеккен адамға, жедел жәрдем немесе құтқарушылар келгенге дейін көмекті тек оның жанындағы адам ғана көрсете алады.
 
ҚР ІІМ ТЖК
«Апаттар медицинасы орталығы» ММ
Қарағанды облысы бойынша филиалының
ШМККБ бөлімінің жетекшісі
А.Алдабекова