
Тек өткен демалыс күндері күре жолдық медициналық-құтқару пункттерінің бригадалары жол-көлік оқиғаларына 32 шығуды жасады, 36 зардап шеккендерге, оның ішінде 9 балаға медициналық көмек көрсетті.

Жол-көлік оқиғасына Жамбыл облысының «Шығанақ» ТМҚП бригадасы, барлық бес зардап шеккен Өзбекстан Республикасының азаматтары арнайы реанимобильде медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ТМҚП бригадасының күшімен Приозерск қаласының қалалық ауруханасына жеткізілді.
Келесі күні осы трассаның 246 шақырымында 7 адамнан тұратын отбасы болатын жеңіл автокөлік аударылып қалды, оның төртеуі балалар. Ауыр жарақат алған бір баланы құтқару мүмкін болмады, ол орнында қаза тапты. 6 зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде 4 балаға. Әр түрлі жарақаттармен барлығы жақын жердегі медициналық мекемеге жеткізілді.
Жүргізушілер жолда сақ болуға, демалып алып рульге отыруға, қауіпті маневрлерден бас тартуға және жылдамдық режимін сақтауға тиіс. Қауіпсіздік сіздің қолыңызда!
ҚР ІІМ ТЖК" Апаттар медицинасы орталығы " ММ