05 CMK DTP 1 Жылдың жаз мезгілінде демалыс маусымы басталады. Облыс тұрғындары мен қонақтары автомобиль жолдарында жиі жүреді. Соңғы уақытта жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті, онда адамдар жарақат алып, қаза болды. Бұл жүргізушілердің жылдамдық режимін және қарапайым сақтық ережелерін елемей, жол жүру ережелерін бұзуына байланысты болады.
05 CMK DTP 2 2019 жылы 10 шілдеде 16 сағат 27 минутта Павлодар – Қызылорда тас жолында, Байет кенті ауданында, «Тойота» маркалы жеңіл автокөлік басқара алмай, эвакуатор-автомобилімен бетпе-бет соқтығысқан. Қақтығыс нәтижесінде 1960 және 1992 жылы туылған екі ер адам зардап шекті.
ЖКО салдарын жоюға Апаттар медицинасы орталығы Павлодар облысы бойынша филиалының «Шідерті» күре жолдық медициналық-құтқару пунктінің шұғыл әрекет ету бригадасы қатысты.
05 CMK DTP 3 Келу кезінде жеңіл автокөлік жануының нақты қаупі болды. Шұғыл әрекет ету бригадасы тәжірибелі медицина қызметкерлері мен құтқарушылар арнайы құтқару жабдықтарын қолданып, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті.
Нәтижесінде екі зардап шеккен адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Олар жабық бас сүйек-ми жарақатын және түрлі зақым алды. Зардап шекккендердің жағдайы орташа дәрежеде бағаланды. Кейін медициналық көмек көрсетуден біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартып, сол жерде қалды, ал екіншісі - Екібастұз қалалық ауруханасының травматологиялық бөліміне шұғыл көшірілді.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін сақтық шараларын, жол қозғалысы ережелерін және жылдамдық режимін қатаң сақтау қажет. Жүргізушілер, сіздің және басқа жолаушылардың өмірі тек сізге байланысты екенін есте сақтаңыз! Қорытындылай келе, бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметтің «112» телефонын еске салғым келеді.
 
ҚР ІІМ ТЖК
«Апаттар медицинасы орталығы» ММ
Павлодар облысы бойынша филиалының дәрігері
И.Колесниченко