32 CMK Donor 1 14 маусым күні бүкіл ел бойынша Дүниежүзілік қан доноры күні аталып өтті. Науқан «барлығы үшін қауіпсіз қан!» ұранымен өтті. Қазақстанда жыл сайын 200 мыңнан астам адам қан тапсырады, оның 18 мыңға жуығы 3 және одан да көп рет тапсырады. Жалпы алғанда, елімізде жыл сайын 360 мыңнан астам қан мөлшері құйылады.
«Донор» (donare) сөзі латын тілінен аударғанда «сыйға тарту» дегенді білдіреді, өйткені шын мәнінде, өз қанын бере отырып, донор денсаулыққа және өмірді сақтауға нақты мүмкіндік береді. Қан мен қан өнімдерін құю жыл сайын миллиондаған адам өмірін құтқаруға мүмкіндік береді. Ол өмірге қауіп төндіретін жағдайлардан зардап шегетін пациенттердің өмірін ұзартуға және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі. Қан мен қан өнімдерін құю күрделі медициналық және хирургиялық емшараларды жүргізу кезінде қажет. Ол сондай-ақ аналар мен балалардың денсаулығын қорғау саласында маңызды рөл атқарады.
Дүниежүзілік қан доноры күнін мерекелеу шеңберінде республикада донорлық қозғалысты насихаттау және дәріптеу бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Жыл сайын қан тапсыруға белсенді қатысатын, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері арасында үгіт-насихат іс-шараларын жүргізетін Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері де шет қалмайды. Биылғы жылы акцияға «АМО» филиалдарының және трассалық пункттердің 70 қызметкері қатысты, 30 литр қан тапсырылды, ол бір емес бірнеше өмірді құтқарады!
 
ҚР ІІМ ТЖ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ