30 CMK TMSP 1 Павлодар-Қызылорда автожолы Павлодар облысының барынша апаттық қауіпті автомобиль жолдарының бірі болып табылады. Дәп сондықтан 2013-2014 жылдары өлім мен жарақаттануды азайту мақсатында осы жолда Қалқаман және Шідерті ауылдарына жақын орналасқан екі жол медициналық құтқару пункті (ТМҚП) құрылды.
ТМҚП Павлодар облысының Апаттар медицина орталығы филиалының бөлінісі болып табылады. Олардың басты міндеті- жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық құтқару көмегін көрсету.
30 CMK TMSP 2 Жол бойындағы пункттерде шұғыл әрекет жасау бригадасы тәулік бойы кезекшілік етеді, олардың құрамына тәжірибелі дәрігерлер, фельдшерлер және арнайы оқытылған құтқарушылар кіреді. Барлық қызметкерлердің практикада үлкен тәжірибелерік жұмысы бар.
ТМҚП арнайы реанимобильді жабдықтармен, медициналық жабдықтардың толық кешенімен және шұғыл медициналық көмекке арналған чемодандармен жабдықталған. ТМҚП реанимобилінің жедел жәрдем машинасынан ең басты айырмашылығы машинанын ішінде медициналық жабдықтардан басқа апаттық-құтқару жабдықтарымен арнайы бөлім бар, ол жол көлік оқиғасында зардап шеккен, майсқан машиналарда қысылып қалған адамдары құтқаруға арналған.
30 CMK TMSP 3 Адам өмірін сақтап қалу және жол көлік оқиғасында жарақаттануды азайту үшін жарақат алған сәттен бастап алғашқы минуттарда көмек көрсету басты рөл атқарады, сондықтан ТМҚП «алтын сағат» ережесін сақтау үшін бір-бірінен алыстау орналасқан трасса пункттерінің қызмет көрсету радиусы 50 км-ді құрайды.
Одан басқа, ТМҚП қажет болғанда ауыр жарақатталған адамдарды жедел эвакуациялау үшін арнайы тікұшақ алаңдарымен жабдықталған. Осы мақсатта «ҚазАвиаСпас» авиажасағының арнайы жабдықталған тікұшақтары тартылады.
Осы жылдың бірінші жарты жылдығында «Қалқаман» және «Шідерті» ТМҚП медициналық құтқару бригадасы 34 рет шықты, 127 зардап шеккенге қызмет көрсетті, оның ішінде 8 бала, 49 ересек адамға және 6 балаға медициналық көмек көрсетті, 82 адамды эвакуация жасалынды, соның ішінде 8 бала, 23 ересек адам және 4 бала ауруханаға жеткізілді.
2019 жылдың 20 маусымында «Қалқаман» жол пунктіне Павлодар облысының әкімі Бақауов Болат Жұмабекұлы барды. Облыс басшысы тікұшақпен келіп, ТМҚП тікұшақ алаңына қонды.
Б.Ж.Бақауов жол пункттерін құрудың Мемлекеттік бағдарламасының іске асырылып жатқанына, көрсетіліп жатқан медициналық көмектің сапасына баға берді, жолда медициналық қызмет көрсетудің ЖКО-да зардап шеккендерге уақытылы көмек көрсетуде және өлімді төмендетуде маңызды міндетті шешетінін атап өтті.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ
Павлодар облысы бойынша
филиалынының дәрігері
И.В. Колесниченко