22 CMK VKO 1 Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжі төтенше жағдайлар комитетінің болашақ мамандар дайындайтын оқу орындарының бірі болып табылады. Оқу кезінде құтқару жұмыстарынан басқа, оқушыларды медициналық дайындыққа оқыту курсы бар. Студенттердің оқуға деген қызығушылығын ояту, сонымен қатар алғашқы медициналық көмек көрсетудің негіздерімен таныстыру мақсатында студенттер Апаттар медицинасы орталығы ММ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалына экскурсия жасады.
22 CMK VKO 2 Филиалдың қызметкерлері де осы шараға үлкен жауапкершілік танытты: филиалдың мақсат, мүддесі, шұғыл әрекет бөлімшесінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында шардап шеккендерге қөмек көрсетуге арналған медициналық құрал-жарақтармен, техникалармен таныстыру үшін слайдтар дайындады.
Күре жолдық медициналық құтқару пункттерінің жол көлік оқиғалары кезінде шұғыл медициналық құтқару көмегін дер кезінде көрсетуге арналған КМҚП-нің жұмыстары атап айтылды. Студенттерге барлық қырық ҚМҚП орналасқан жерлерін және байланыс телефондары көрсетілген буклеттер таратылды.
22 CMK VKO 3 Өскемен қаласында өткен «Жер-2014» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу туралы бейне түсірілімді балалар асқан қызығушылықпен тамашалады. Бұл бейнетүсірілім барысында олар ШҚ Төтенше жағдайлар департаментінің барлық құтқару бөлімшелері, шартты жер сілкінісі кезінде қоммуналдық қызметтің өзара ұйымдасқан жұмыстарына куә болды. Студенттерді нақты 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдайдың (тасқын су жағдайының қиындауы) орын алуы кезінде зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсету жұмыстары туралы түсірілім таң қалдырды.
Кездесу аяғында студенттер экскурсияның қызықты да, мағаналы болғанына, апат медицинасы құтқару қызметінің жұмысы туралы толығырақ ақпарат алғандықтарына алғыстарын білдірді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ ШҚО бойынша филиалының
дәрігері Мусабалинова Г.К.