22 CMK Karaganda DTP 1 20 Маусымда 15 сағат 50 минутта Қарағанды облысының "Ақшатау" трассалық медициналық-құтқару пунктінің диспетчерінің пультіне куәгерден "Алматы-Екатеринбург"автожолының 759 шақырымында жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті.
Апат орыны ТМҚП орналасқан жерінен 25 шақырым қашықтықта болды, жедел жәрдем көлігімен медициналық құтқарушылар тобы 20 минутта оқиға орнында болды. Оқиға орнында жеңіл автокөлік және жүк автокөліктің соқтығысуы салдарынан 6 адам жарақат алды, олардың біреуі бала болды.
22 CMK Karaganda DTP 2 Зардап шеккендердің ауырлық дәрежесін бағалай отырып, үшеуінде ауыр жарақаттар мен жарақаттанушылық шок байқалған, ТМҚП дәрігерімен жақын жердегі "Балқаш" трассалық пунктінің қосымша бригадасын шақыру туралы шешім қабылданды. Екінші бригада жол-көлік оқиғасы орнына келгенге дейін бір мезгілде медициналық сұрыптау (зардап шеккендерді көмекке мұқтаждық принципі бойынша топтарға бөлу) және аса ауыр жағдайда болған зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жүргізілді.
ТМҚП "Ақшатау" бригадасы 1 бала мен 3 ересек адамға көмек көрсетті, оларда көптеген аяқ-қол сынуы, жарақаттанған ми жарақаттары және ішкі органдар жарақаттары болды.
Келген "Балқаш" ТМҚП екінші бригадасы орта дәрежелі күйдегі екі зардап шегушіге көмек көрсетті.
Барлық алты адам арнайы реанимобильдерде тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету қызметін қолдай отырып, одан әрі емдеу үшін Балқаш қаласының қалалық ауруханасына жеткізілді.
 
ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы бойынша
ММ «АМО» дәрігері Е. Шегай