36 CMK AryS 1 Шымкент қаласы бойынша Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігерлер бригадасы ТЖ орнында үшінші тәулік бойы кезекшілікті жүзеге асырды. 26 маусым сағат 11.00 жағдай бойынша 21 адамға медициналық көмек көрсетілді. Филиалдың екінші бригадасы «Ақмешіт» мешітінің аумағында Арыс қаласынан Шымкент қаласына көшірілген халықты медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырды.
Медициналық көмек көрсету үшін АМО трассалық медициналық-құтқару пункттері тартылуда .Сонымен қатар Түркістан облысының «Қазығұрт» ТМҚП бригадасы Монтайтас ауылдық өңіріне шығып, Арыс қаласынан 50 шақырым жерде зардап шеккен қала тұрғындарын эвакуациялады.
«Төле би» күре жолдық пункті мен Жамбыл облысы филиалының бригадалары темір жол пойыздарының қауіпсіздігі мақсатында тоқтап қалған жолаушыларға қызмет көрсетті.
26 маусымда сағат 11.00 - де 40 ересек адамға және 5 балаға медициналық көмек көрсетілді. Көп жағдайда неврологиялық көріністермен, қан-тамыр қысымның жоғарылауымен және күйзеліс жағдайындағы әртүрлі реакциямен жүгінеді.
Апаттар медицинасы орталығының психологтары «шұғыл желі» телефондарында тұрақты орналасқан жерлерде жұмыс істеуде . Бүгінгі күні олар 128 қоңырау қабылдап, жүгінген азаматтарға ақпараттық және психологиялық қолдау көрсетті.
Апаттар медицинасы орталығынан төтенше жағдайдың медициналық-санитарлық салдарын жоюға барлығы 19 адам жұмылдырылды: 14 медицина қызметкері мен 5 психолог, 4 бірлік техника.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ