36 CMK PeterburG 1 Ағымдағы жылғы 13-14 маусым аралығында ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Ақтөбе облысы бойынша филиалының басшысы Д. Б. Шетенбаев Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласында өткен «Ірі көлемді жер сілкінісі кезінде зардап шеккендердің жаппай саны шұғыл медициналық көмек көрсетуді және медициналық эвакуациялауды ұйымдастыру» тақырыбы бойынша Мемлекетаралық тактикалық-арнайы оқу-жаттығуға қатысты.
36 CMK PeterburG 2 Оқу-жаттығуға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, ТМД Атқару Комитетінің, Қытай Халық Республикасының, Армения, Беларусь, Түрікменстан және Өзбекстан Республикаларының өкілдері қатысты.
Оқу-жаттығу барысында жер сілкінісінің медициналық-санитарлық салдарын жою және ден қою бойынша Апаттар медицинасы саласындағы ынтымақтастықты іске асырудың бағыттары мен тетігі пысықталды. Қатысушылар ықтимал жер сілкіністері кезінде санитарлық шығындарды болжау, сондай-ақ зардап шеккендердің жаппай келіп түсуі және медициналық көмек көрсету көлемінің өзгеруі кезінде медициналық сұрыптау мәселелерін қарады.
"Защита" Ресей «АМО» мен ТЖМ "Центроспас" жасағының күшімен аэродромдық эвакқабылдағыш басқару орталығымен өрістетілді.Сұрыптау алаңына зардап шеккендерге, құрамында дәрігер, тіркеуші және санитар-тасымалдаушылардың буындары бар 3 бригаданың күшімен 3Н – жүйе (Триаж – жүйе) бойынша жүргізілді.
Бүкілресейлік Апаттар медицинасы қызметінің мамандары жер сілкінісінен зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету және оларды медициналық эвакуациялау кезінде қазіргі заманғы медициналық технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасты. Ресей «АМО» қару-жарағында қазіргі заманғы медициналық жабдықтар көрсетілді.
Бұл жаттығуға қатысудан алынған тәжірибе Ресей мен Қазақстандағы апаттар медицинасының қызметтері мен өзара әрекеттесу деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жер сілкіністерінің денсаулығына әсерін жою бойынша іс-шараларды практикалық әзірлеуде алынған білімдерді қолданады.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ
Ақтобе облысы бойынша
филиалынының дәрігері
Д. Шетенбаев