26 CMK Shlek DTP 1 20 маусымда Алматы облысының "Шелек" күре жолдық медициналық-құтқару пунктінің орналасқан жерінен 28 шақырымда "Алматы-Қорғас" трассасының 72 шақырымында жеңіл автокөлік жүргізушісі басқару тұтқасын игере алмай, көліктің жыраға аударылуына жол берді.
26 CMK Shlek DTP 2 Орын алған ЖКО туралы белгі жол бойындағы бекетке жедел шұғыл көмек қызметінен түсті. Екі дәрігер мен екі құтқарушысы бар бригада 21 минуттан кейін сол жерде болды.
Көлік ішінде екі әйел, 4 және 2 жастағы екі кішкентай бала болған.
26 CMK Shlek DTP 3 Көптеген жарақаттары бар әйелдер зақымданудан кейінгі есеңгіреу жағдайында болған. Зардап шеккендердің жағдайын тексеріп, бағалағаннан кейін жедел медициналық көмек басталды, кейін арнайы медициналық-құтқару реанимобильде медициналық ұйымға көшірілді.
Егер дер кезінде көрсетілген медициналық көмек болмаса, зардап шеккендер жарақат есеңгіреуінен немесе қан жоғалуынан қаза табуы мүмкін еді. Барлық төрт зақымдалушыны "Шелек"ТМСП бригадасының үйлесімді іс-әрекетінің арқасында құтқаруға қол жеткізді.
 
ҚР ІІМ ТЖК
«Апаттар медицинасы орталығы» ММ
Алматы қаласы бойынша филиалы