28 CMK 1 Қарағанды қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағында 2019 жылдың 11 маусымында Қарағанды облысының аудандары мен қалалары мектептерінің үздік 10 командасы қалалық және аудандық кезең жеңімпаздарының қатысуымен «Жас құтқарушы» облыстық жарысы өткізілді.
Жарыс бірнеше кезеңдер мен конкурстар бойынша өтті: «Топ басшылар сайысы», «Визит карточкасы», «Жауынгерлік өрістету», «Табиғи орта жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары», «Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету».
28 CMK 2 Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қарағанды облысы бойынша филиалының ШМКҰБ бригадасы төрешілер командасы құрамында жас құтқарушылардың алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгеруін бағалады,сондай-ақ жарысқа қатысушыларға білікті медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда іс-шараны медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырды.
Жарыс барысында оқушылар жақсы жетістіктерге жетіп, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін меңгеру дағдыларын көрсетті.
Осы іс-шара аясында балалар филиалдың медицина қызметкерлерінің оқытуы кезінде алған теориялық білімдерін бекітіп, төтенше жағдайлар кезінде қажетті практикалық дағдыларды, сондай-ақ командалық қарым-қатынас пен өзара көмек көрсетудің әлеуметтік тәжірибесін алды.
Егер жас құтқарушылар алдагы уакытта кәсіби құтқарушы болмаса да, олар өмір сүру және көмек көрсету дағдыларын одан әрі өз өмірінде қолдана алады.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ Қарағанды облысы бойынша филиалынының дәрігері
Е. Құдайбергенов