26 CMK 1 2019 жылдың 7 маусымында Балқаш қаласында Төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық басқармасының көмегімен «Aкватикамен дос бол» атты мектеп-лагерьлердің балалар топтары үшін спорттық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында алты мектеп оқушылары арасында спорт жарыстары мен викториналар өткізілді.
Іс-шара аясында құтқару құралдарының көрмесі ұйымдастырылды, онда Балқаш балалары құтқарушылар ретінде өздерін сынап көрді.
Оқушыларды трассалық медициналық-құтқару пункттерінің жұмысымен таныстыру үшін «Балхаш» ТМҚП бригадасы тартылды.
Балалар зардап шеккендерді автокөліктерден алып шығаруға арналған құралдарымен, сондай-ақ медициналық көмек көрсетуге арналған жабдықтарымен танысты.
Бригада қызметкерлері балаларға жазғы қауіпсіздік пен жол ережесін еске салды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ Қарағанды облысы бойынша филиалының дәрігері Шегай Е.Б.