24 CMK Den Medika Қазақстанда Медицина қызметкері күнін жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтеді. Бұл өзін азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау ісіне арнаған адамдардың мерекесі. Бұл күнді тек дәрігерлер мен мейірбикелер ғана емес, адам өмірін құтқаруға қатысы бар барлық адамдар атап өтеді.
Төтенше жағдайлар комитетінің медицина қызметкерлері, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен қатар, ТЖ медицина салдарларын жоюға белсенді түрде қатысады. Төтенше жағдай аумағында қалған азаматтарға уақытылы және медициналық көмек көрсетуге барлық жігерін жұмсайды.
Мереке қарсаңында Апаттар медицинасы орталығында медицина саласы қызметкерлерін ведомстволық наградалармен марапаттау болып өтті.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен Нұр-Сұлтан қ. «АМО» ММ дәрігері Леписпаева Динара Әшімқызы марапатталды.
Өз қызметтік міндеттерін адал орындағаны, және Медицина қызметкері күніне орай төмендегі қызметкерлер марапатталды:
- «АМО» ММ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының дәрігері Аблкаиров Абдыманап «Еңбек ардагері» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медалімен;
- «АМО» ММ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының дәрігері Муса Ержан Кайнолдаулы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен;
- «АМО» ММ Ақтөбе облысы бойынша филиалының фельдшері Табынбаева Айнур Елеусизовна Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
- АМО» ММ Шымкент қ. бойынша филиалының дәрігері Жанабаев Бексеит Мырзабайұлына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің алғысы жарияланды.
Барлық әріптестерімізді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз, айналадағы адамдарға сыйлап жатқан денсаулық үшін алғыс айтамыз. Өмірлеріңізде ақ жол, зор денсаулық, күш-жігер, жұмыстарыңызда жаңа табыстар мен жаңа белестерді бағындыруыңызды тілейміз!
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ