33 CMK DTP TSMP 1 Жаз мезгілінде жолдағы ахуал өрши түседі. Трассада қарқынды жол қозғалысы артады. Ауа-райы жылынғасын, демалыс мезгілі басталады, көптеген адамдар қала сыртына табиғатқа шығады. Жүргізушілер босқа өткізіп алған уақытының орнын жылдамдықты арттыру арқылы «толтырғысы келеді». «Тез арада жету» әрекеті салдарынан жақын адамдардан айырылып қалуға болады және жолдағы қайтымсыз салдарға әкеп соғады.
Өтіп кеткен тәулік ішінде трассалық медициналық-құтқару пункттерінің бригадалары жол-көлік оқиғасында зардап шеккен 16 адамды құтқарды.
33 CMK DTP TSMP 2 Самара-Шымкент трассасымен келе жатқан жеңіл автокөлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік құралы аударылып кеткен. Нәтижесінде 4 адам зардап шекті, олар көрші республикалар Өзбекістан мен Тәжікстан азаматтары.
ЖКО орнына Ақтөбе облысының «Қарабұтақ» ТМҚП бригадасы шықты, зардап шеккен 2 жас ер адам қатты есеңгіреп қалды. Дәрігерлердің барлық іс-әрекеттеріне және жүргізілген жан сақтау іс-шараларына қарамастан, оларды құтқару мүмкін болмады. Екі адамға шұғыл түрде реанимобиль ішінде жол бойы медициналық көмек көрсете отырып, аудан ауруханасына жеткізді.
33 CMK DTP TSMP 3 Алматы облысы «Тарғап» ТМҚП-де Алматы – Ташкент трассасының 93 шақырымында жеңіл автокөлік пен шағын автобустың соқтығысуы туралы ақпарат келіп түсті, нәтижесінде 1 адам қайтыс болды, 12 адам зардап шекті.
ТМҚП бригадаларының күштерімен 9 зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілген, барлығы ауыр жарақаттарымен медицина емдеу мекемелеріне жеткізілген болатын.
Түркістан облысында Алматы-Ташкент-Термез трассасының 733 шақырымында екі автокөліктің соқтығысуы нәтижесінде 6 адам, оның ішінде 2 бала зардап шеккен.
10 минуттан кейін ЖКО орнына «Қазығұрт» трассалық пункттің бригадасы келіп жетті. Бес зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетілген, кейіннен олар қалалық ауруханаға жеткізілді.
Жүргізушілер жолда сақ болу керек, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтау керек, автокөлік арасында қауіпсіз қашықтықты және интервалды таңдау қажет, сонымен қатар автокөлікті игере алмауға әкеп соғатын маневрлар жасамау қажет. Қауіпсіздік белбеулерін және балаларға арналған бекітпелік құрылғыны ұмытпау жөн. Бұл, өз кезегінде, жол-көлік оқиғалары санын айтарлықтай қысқартуға, яғни жол қозғалысы қатысушыларының өмірін құтқаруға және денсаулығын сақтауға көмектеседі. Өйткені жол жүргенде салғырттық танытпаған абзал!
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ